Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақбота Керімбекова өзінің қалыңдық көйлегін Шахизадаға бермек

Шахизада Байпатшанова үшінші рет тұрмысқа шығуға дайын! Әнші, тіпті теңін тауып, отау құрған жағдайда ақ көйлек іздеп әуре болмайды. Себебі ол қалыңдық көйлегінің қамын алдын ала жасап қойған.

Ақбота Керімбекова өзінің қалыңдық көйлегін Шахизадаға бермек

Шахизада Байпатшанова былтыр үшінші рет тұрмыс құрған Ақбота Керімбекованың көйлегін кимекші. Бұл туралы “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

“Ақбота, тұрмысқа шығатын болсам, көйлегіңді бересің ба?” дедім. “Болды, әпке” деді. Ол енді ырым ғой. Киемін міндетті түрде”, – дейді Шахизаданың өзі.

Бұл орайда Керімбекова қалыңдық көйлегін әріптесіне беруге қарсы емес екенін жеткізді.

“Былтыр үйлену тойымда әпкем “мына көйлекті мен киемін” деп айтқан болатын. Ол көйлек үйде тұр. Ырымдап сұрап жатса, ниет қылып беруге дайынмын. Шахизада әпкем күтіп отыр. Әркім де бақытқа лайықты. Қыз болсын, жігіт болсын, бақытты болғысы келеді. Сол сияқты әпкем де өзінің жартысын тауып, бақытты әйел болса деп тілеймін”, – деді ол.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау