Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақбота Керімбекова күйеуімен ажырасқан Мөлдір Әуелбековаға қолдау білдірді

Ақбота Керімбекова өзімен тағдырлас әріптесіне қолдау білдірді. Өнер иесі күйеуімен ажырасып, ұлымен жалғыз қалған Мөлдір Әуелбековаға өз кеңесін айтты.

ақбота керімбекова мөлдір әуелбекова

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Мөлдір дұрыс айтты немесе дұрыс айтпады дей алмаймын. Бір жағынан дұрыс та шығар. Ол да жас. Кім бақытты болғысы келмейді? Ертеңгі күні не болатынын білмейміз ғой. Қолдан келгенше жақсы болуға, бақытты болуға тырысасың. Кейде болмай жатады. Оның бәрін даттай беретін болсақ, елімізде жақсы адам қалмайды. Сол себепті жақсылығымызды асырып, жамандығымызды жасыру керек.

Мөлдірді өз басым әнші ретінде, адам ретінде құрметтеймін, сыйлаймын. Алдыңда “әпкелеп” шапқылап жүреді. Жаман пікір айта алмаймын, бақытты болсын. Өмірін сүрсін, әрі қарай ұмтылсын, күрессін. Ұлы бар. Бір рет ұрындым деп… Әрине, қолдан келсе отбасының бүтін болғаны жақсы. Бірақ қиын. Мықты болуға талпыну керек”, – дейді Керімбекова.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау