«Ақ жол» төрағасы Азат Перуашевтің таңдаулы сөздері кітап болып басып шығарылды
2016 жылдың 17 мамырында Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының орталық кеңсесінде партия төрағасы Азат Перуашевтің «Полемикалық экономика» атты сөздері мен жарияланымдары жинағының тұсаукесері болады. Жинаққа Азат Перуашевтің таңдаулы сөздері мен жарияланымдары енген.

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды
Автор ең алдымен нарықтық реформалар мен жеке бизнесті қорғауды басты назарда ұстаған. Сонымен қатар, олар демократиялық институттар арқылы тәуелсіздікті нығайту міндеттеріне және ұлттың мүдделерін ілгерілетуге бағындырылған.
Кітап экономистерге, саясаттанушыларға, ЖОО студенттеріне және қазіргі заманғы Қазақстанның мемлекеттік және экономикалық құрылысы үдерістеріне, сондай-ақ біздің еліміздің бүгіні мен болашағы туралы өткір пікірталастарына ықылас танытушылардың барлығына арналған.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"