Ақ қонжықтың ұйықтап жатқан сәті талай жанның жүрегінен жол тапты (видео)
Желіде кіп-кішкентай ақ қонжықтың суреттері мен видеосы көптеп тарап кетті. Қонжық 6 қарашада америкалық Огайо штаты Колумбус қаласының зообағында дүниеге келді.

Алайда белгісіз себептермен анасы Аврора бұдан бас тартты.
Қонжықты зообақ қызметкерлері бағып келеді. Оған бөтелкемен азық береді, денсаулық жағдайын қадағалайды.
Қонжықтың дүниеге келгенінен небәрі 5 апта өтті.
Ол көзін аша бастады. Дегенмен жүре алмайды, қазіргі уақытта төрт аяғынан тік тұруға тырысып-ақ жатыр. Ал қонжықтың ұйықтап жатқан сәті талай жанның жүрегіне жол тапты, деп хабарлайды tvzvezda.ru.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"