Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Air Astana айналасында тағы да дау: Қазақ жұлдыздары әуе компанияның кезекті былығын әшкереледі

Air Astana әуе компаниясы айналасында кезекті дау туды. Белгілі кинорежиссер әрі актер Нұртас Адамбай барлық талаптарды орындағанына қарамастан, өзінің заңды орнына отыра алмағанын айтып күйінді. Осы уақытқа дейін әуе компаниясын тілдеушілерден қорғап келген Нұртас шикілікке өзі көз жеткізгенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Air Astana айналасында тағы да дау: Қазақ жұлдыздары әуе компанияның кезекті былығын әшкереледі"Эйр Астана" әуе компаниясына деген көзқарасым қашан да жақсы болатын. Бірақ бұл жолы бәрі өзгерді. Әуежайға уақытылы келдім, рейске тіркеле бастадым. Бір кезде жүйедегі қателіктің кесірінен бизнес-кластан орын бере алмайтындарын айтты. Шын мәнінде борттағы орын санына қарағанда билеттерді артығымен сатады дегенді естіп едім. Бірақ өз басымнан мұндай жағдай алғаш рет өтуде. 

Яғни бұлар көбірек ақша тапқысы келгендіктен, жолаушылар жапа шегуі керек пе?" - дейді Адамбай. 

Ол алдын ала билет сатып алып, әуежайға уақытылы жеткенімен, өзінің заңды орнына отыра алмағанына күйінуде.

"Бұрын әртүрлі блогерлерден "Эйр Астананы" қорғаушы едім, бекер екен", - деп ашынды кинорежиссер. 

Бір қызығы, мұндай жағдай Адамбайдың әріптестерінің де басынан өткен екен. Мәселен, актриса әрі продюсер Әсел Сәдуақасова дәл осындай жағдайға үш рет тап болғанын айтады. Сондай-ақ, опера әншісі Нұржамал Үсенбаева да "Эйр Астананың" құрбаны болған көрінеді. 

"Нұртас, менің анам жақында елордадан Алматыға келді, басынан дәл осы жағдай өтті. Тіркеудің соңына дейін күтіңіз, рейске біреу келмей қалса, соның орнына отырасыз, деген. Бірақ ол да алдын ала билет сатып алған", - деп оқиғаны баяндады әншінің қызы, танымал актриса Қарлығаш Мұхамеджанова. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Всегда положительно относился к авиакомпании Эйр Астана. Но в этот раз мое мнение кардинально меняется. Приехал вовремя в аэропорт, стал регистрироваться на рейс и тут мне говорят, что они не могут предоставить мне место в бизнес классе из-за «неисправности их системы». Я слышал о том, что они продают больше билетов, чем фактическое количество мест на борту, но лично сам столкнулся с этим впервые. То есть получается, что из-за их желания заработать больше, должны страдать пассажиры? Почему я, купив билет заранее, приехав вовремя в аэропорт, не могу получить своё законное место на борту? Раньше я даже защищал Эйр Астану от нападок различных блогеров, но видимо зря. Я считаю, что подобное отношение к пассажирам не позволительно.

Публикация от nurtasadambay (@nurtasadambay)

 

 

Талқылау