“Ағайынды төртеудің” ісі бойынша сотталғандардың бірі түрмеде аштық жариялады
Ақтөбеде мұнай ұрлығы үшін күдікке ілінген Қалдымұрат Қартжан бірнеше күннен бері ас-судан бас тартып жатыр. Сотта Ұлттық қауіпсіздік органы қызметкерлерінен қысым көргенін айтқан сотталушы қазір карцерде қамауда отыр.

Сурет: aktobetimes.kz
"20 желтоқсан күні сотта інімді ұстаған сәтте түсірілген видеоны қарадық. Онда інімнің қарсылық көрсеткені мүлдем түсірілмеген. Полицейлер операцияға арнайы дайындалды ғой?! Барлығын неге бейнекамераға тіркемеген? Оны мал құрлы көрмеген. Қол аяғын басып, үстінен таптаған. Ал травматикалық қаруды оған өздері лақтырған. Оны Нұрлан Дуйманов деген жігіт өзін қорғау үшін алған екен. 2015 жылы ІІМ-не тапсырыпты. Мұны қылмыстық істің құжаттарынан таптық. Інім кезінде тентектік жасаған шығар. Бірақ ешкімге жөнсіз тиіскен емес. Балалардың арасында “разборка” болған шығар. Оны қылмыс жасады деп ойламаймын. Ол Еркін Ізбасарды таниды, өйткені спортпен айналысқан. Бірақ “Ағайынды төртеу” қылмыстық тобына қатысы жоқ", -дейді Самал Қартжан. 33 жастағы жігіт өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз еткен. Пластикалық терезе жасап, тас төсеумен айналысқан. Үйленген, екі кішкентай баласы бар. Айта кетелік, қазір Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында мұнай ұрлығы үшін айыпталған 26 адамнан жауап алынып жатыр. Бұған дейін сотта прокурор оқыған айыптау актісінде “Ағайынды төртеу” қылмыстық тобының белді мүшесі ретінде Қалдымұрат Қартжанның есімі аталды. Оқи отырыңыз: Қазақстанда көліктің VIP нөмірлерінің жаңа бағасы белгіленді Баян Мақсатқызы: Мен адамдардан мейірім, махаббат пен түсіністікті күтпеймін Астаналық жүргізушілер көліктерден алып шырша құрастырды (видео) Қазақстанда бүгіннен бастап темекі бағасы қымбаттады Алматылық альпинист Аяз аталар емханада жатқан балаларға сыйлық таратты
Алматыдағы танымал демалыс орнында адамдар нәжіс аралас бассейнге түскен: Мұның денсаулыққа қандай қаупі бар?
Желі қолданушысы мұндай жағдайда бассейн жұмысын уақытша тоқтатып, санитарлық өңдеу жүргізілуі керек деп есептейтінін жеткізді
Әйелін электр сымымен қылқындырып өлтірмек болған қазақстандық жеңіл жазамен құтылды
Сот: "Жәбірленушінің мойнындағы сырылған жарақаттар денсаулыққа зиян келтіруге әкеп соқпаған дене жарақаттары ретінде бағаланды"