Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Африкадағы Малави елінде альбинос-адамдарды аң секілді аулау жалғасуда (фото)

Халықаралық Amnesty International ұйымы сирек кездесетін генетикалық ауруға шалдыққан африкадағы Малави мемлекетінде жергілікті альбинос халқына сырттан жасалатын шабуыл күшейгенін хабарлады.

34FFE5AB00000578-3624524-image-a-25_1465284618573-(1)

Құжатта 2014 жылдан бері Малавиде 18 альбиностың өлтірілгені, тағы бесеуінің ұрланғаны және із-түссіз жоғалғаны айтылған.

Мамандар Малавиде альбиностарды мал сияқты аулайтындығы айтылған. Сосын олардың денесінің сүйектерін, өз клиенттерін бұл сүйектер байлық, бақыт әкеледі деп сендіретін сиқыршыларға сатады екен. Зұлым ойлылар бұл әрекеттерін қалталы болу үшін Малави мен Мозамбикте жүзеге асыратын көрінеді. Тәуіптер тіпті адам денесінің бөліктері үшін 75 мың доллар төлеуге дайын екен.

34E5AE0B00000578-3624524-image-m-30_1465208050419

Эдин Кедриктің баласы да баскесерлердің құрбаны болған. Түнде оның үйіне белгісіз біреулер шабуыл жасап, 9 жастағы баланы анасының қолынан тартып алған. Отағасы сол күні үйде жоқ болып шыққан.

“Мен не болғанын түсінбей де қалдым. Олар есікті бұзып ашып, балалардың біреуін алып кетті”, – дейді анасы. Балаларын қорғамақ болған, таяқ та жеген.

34FFDEC900000578-3624524-image-a-33_1465284717506

Ал өзге отбасында ер адам ұлын қорғау үшін, жұмысын да тастаған.

34E5A67400000578-3624524-Teased_Alfred_Chigalu_17_left_school_early_because_his_class_mat-a-3_1465216603448

17 жастағы Альфред сыныптастары мазақтай берген соң мектепті тастап кеткен. Оның ата-анасы қайтыс болған. Ауылдың біраз тұрғыны онымен араласпайды.

34E5AA7E00000578-3624524-image-a-26_1465205637749

34E5AE6200000578-3624524-image-a-31_1465209658856-(1)

34E5AED300000578-3624524-Attacked_A_court_in_Malawi_banned_alternative_healers_from_pract-a-21_1465205637736

Малавиде 10 мың альбинос тұрады. БҰҰ Малавидегі альбиностардың басына толықтай жойылып кету қаупі төніп тұрғанын ескертуде.

Талқылау