Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ер адам супермаркеттің ішін атпен аралады (видео)

Оңтүстік Африка Республикасындағы Джеффрис-Бей қаласындағы сауда орталығына ер адам атқа мініп кіріп келген.

5656

Бұл туралы The Daily Mail хабарлайды.

“Мен атқа мінген ер адамды көрген кезде бұл қандай да бір акция шығар деп ойладым. Сосын оны менеджердің қуып жүргенін көріп жағдайды түсіндім,” – дейді роликті түсірген автор Алистер Смит.

Кадрда аттың сөрелер арасымен мұқият бұрылып, заттарға да, адамдарға да тиіспегенін байқауға болады.

Смиттің айтуынша, дүкенде жүрген тұтынушылар аттылы адамнан қатты қорыққан. Шошынған халықты көріп жылқы да тіксініп қалған.

Кейін көптеген келушілер атпен суретке түсіп, көңіл көтеруге де уақыт тауыпты. Тіпті атты қуып шыққалы жүрген менеджержің өзі айтарлықтай ашуға мінбеген.

Оқи отырыңыз:

Ер  адам жаңалық көріп отырып әйелінің жезөкшелікпен айналысатынын біліп қалған

Америкалық әйел күйеуі мен үлкен қызының төсектес болып жүргенін кездейсоқ біліп қалды

Ер адам сүйіктісіне өзгелермен секспен айналысуға рұқсат берген (фото)

Талқылау