Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Африкада «екіжүзді» мысық дүниеге келді (фото, видео)

Оңтүстік Африкадағы Шығыс Мыста ерекше марғау туылды. Марғаудың екі тұмсығы, аузы және үш көзі бар, деп хабарлайды Newsweek басылымына сілтеп Stan.kz.

«Екіжүзді» мысыққа Bettie Bee деген ат берілген. Мұндай ерекше құбылыс янус-cat деп аталады екен.

Марғауды құтқарып қалған адам өз есімін жарияламады. Алайда ол Facebook желісінде марғауға арнап жеке парақша ашып қойған. Оның сөзінше, мысық екі ауыз қуысымен де тамақ іше алады екен.

Үй жануарының иесі мен фермерлер мұндай құбылысты әр түрлі жануарлардың бойынан байқап тұрады. Олардың қатарында ірі қара мал мен доңыз да бар. Десе де мұндай құбылыс мысықтарда жиі кездесіп тұрады екен.

Оқи отырыңыз:

Қытайда автокөлік сатып алған ер адам 10 қорап тиынмен есеп айырысты

АҚШ-та күйеу жігіт неке қию рәсіміне «көктен салбырап түсті» (видео)

Таиландта акушерлер жаңа туған сәбилерге Санта-Клаустың киімін кигізіп қойды (фото)

Америкалық балаларының көзінше әйелін өлтіріп, оның басын тоңазытқышқа салып қойған

Талқылау