Адвокат жол ережесіне қатысты ескі айыппұлдарды жою жолдарын атады

Жаңа жыл автокөлік жүргізушілері үшін жағымды жаңалықпен басталды. Жол ережесін бұзғаны үшін жүргізушілерге салынатын бірқатар айыппұл түрлері төмендеді. Бұған қоса, жаңа Заң бойынша енді мерзімі өткен айыппұлдарды төлемеуге болады, деп хабарлайды Stan.kz.

Заңға енгізілген өзгеріс туралы адвокат Джохар Утебеков айтып берді.

“Енді 1 жыл 25 тәуліктен асып кеткен айыппұлдарды камерадан жоя аласыз. Бұған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 889 және 890 баптарына енгізілген түзету мүмкіндік береді”, деп жағымды жаңалықты жеткізді заңгер.

Адвокат сөз еткен өзгеріс заңдық күшіне 2018 жылдың 9 қаңтарында енеді.

“Мұндай жетістікке жету үшін автокөлік жүргізушілері 3 жыл күресті, оның ішінде мен де бармын. Бұл жеңілдік 1 жыл 25 тәулікке жетпестен мәжбүрлі түрде соттың орындалуына кетіп қалған айыппұлдарға жұрмейді”, – деп ескертті заңгер.

“Полицейлер айыппұлдың көзін жоймасы анық. Сондықтан сізге өтініш беруге тура келеді”, – деген адвокат бұл постта өтініштің үлгісін жариялады.

Сонымен, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 890 бабы, 1-тармағына сәйкес заңдық күшіне енген күннен бастап бір жыл бойы орындалмаған болса, айыппұлды төлеу туралы бұйрық орындалмайды. 4) ӘқБК 889-бабына сәйкес, бұйрықты шығарған орган оны орындауды доғарады және азаматты әкімшілік айыппұлдан босатады.

ӘқБК 887-бабы, 2 және 4 тармағына сәйкес, айыппұлды төлеу туралы бұйрықты шығарған орган ғана оның күшін жоққа шығара алады. Ол 3 күн ішінде өтінішті қарап, шешім шығарады. 887-баптың 5-тармағына сәйкес, бұйрықтың көшірмесі айыппұл салынған физикалық тұлғаның қолына табысталуы тиіс.

Жіберіп алмаңыз:

Қарағандылық баласының өліміне перзентхана қызметкерін айыптап, сот арқылы миллион теңге өндірді

Қазақстанда көлікті мемлекеттік тіркеуге қою ережесі өзгерді

Әскери қызметші қонаққа барып, екі отбасын қауіпті қылмыскерден құтқарып қалды

Малайзияда 3000 оқушының ішінде қазақ қызы математикадан бірінші орын алды

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
19.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар