Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Әділдік орнағанына қуаныштымын": Валерий Меладзе "Голос. Дети" байқауына қатысты пікір білдірді

Валерий Меладзе "Голос. Дети" байқауының нәтижесі бойынша  әділдік орнағанына қуанышты екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Group-IB компаниясының зерттеу нәтижелеріне сүйенген "Голос Дети" байқауының ұйымдастырушылары Алсудың 11 жасар қызы Микелла Абрамованың жеңісін жоққа шығарып, нәтижелердің күшін жойды. 

Микелла Абрамованың басты қарсыласы Ержан Максимнің тәлімгері Валерий Меладзе пікір білдірді. "Голос. Дети" байқауының нәтижесінің жоққа шығарылғаны жөнінде өнер иесі әлеуметтік парақшасында жазған.

"Мен "Голос. Дети" байқауының финалының нәтижелеріне қатысты әділдік орнағанына қуаныштымын. Өйткені ең бастысы жобаның эфирде қалып, көрермендердің сенімінен айырылып қалмау, талантты балаларды таныту. Маған жеңіс пен дауыс беруден маңыздысы осы. Мен ешқандай байқауда жеңіп көрмеген өнер адамдарын білемін. Бірақ олар телевидениенің көмегінсіз танымал бола алмас еді", - дейді Ержан Максимнің ұстазы Валерий Меладзе.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Я искренне рад,что внесена ясность в голосование финала проекта «Голос Дети». Потому что главное-это сохранить проэкт Голос в эфире и не потерять доверия зрителей. Продолжить помогать талантливым детям. Для меня это гораздо важнее любых голосований и побед. Я знаю многих больших артистов, которые никогда не побеждали ни в одном конкурсе, но без поддержки телевидения они никогда не стали бы известными.

Публикация от Valery Meladze (@meladzevalerian)

 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін "Голос. Дети" байқауының нәтижесі күшін жойғаны туралы Ержан Мақсимнің анасы пікір білдірген.

Комментариялар
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр