Ademi жеке концерт өткізуге дайындық үстінде

Дүйсенбі, 14 Наурыз , 2016 7:49

«Жаңа толқын» байқауының күміс жүлдегері Ademi өзінің туған жері –  Ақтау қаласында үлкен жеке концертін өткізбекші.

a07a500d8961997f8f6bc099c6e9b8ed_XL

Сурет 24.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Орындаушының айтуынша, оның вокалдық мүмкіндіктерін де алғаш аңғарған осы жердің оқытушылары.

«Жеке концертімді беретін күн де туды. Ол Ақтауда өтеді. Себеб бұл менің туған қалам. Сосын… көреміз, уақыт өзі көрсетеді», – деді әнші.

Қазақстандық эстрада жұлдызы көрермендерге өз орындауындағы әндермен қоса, оның қалыптасу тарихымен де бөлісуді жоспарлаған, концертін өзі жүргізбек.

Алматы мен Астанада концерт  өткізуге қатысты сұраққа әнші әзірге мұндай қадамға әзір емес екендігін айтты.

«Алматы мен Астанада концерт беру үшін маған әлі уақыт керек, әнші ретінде. Халықтың тануы қажет», –  деп атап өтті Әдемі Muzzone арнасына берген сұхбатында.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар