Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Адамзат тарихында алғаш рет: 2019 жыл ең ыстық уақыт болады

Адамзат тарихында 2019 жыл ең ыстық мезгіл болады. Эль-Ниньо фазасы қазірден басталды деп есептелінеді.

Ғалымардың айтуынша, Эль-Ниньо фазасы жақындағанда Тынық мұхитының шығыс бөлшегі жылына бастайды.

“Эль-Ниньо бойынша, 2019 жыл ең ыстық мезгіл болмақ”, – дейді Санта-Барбарадағы Калифорния университетінің ғалым-климатологтары.

Адамдар соңғы кезде Эль-Ниньо белгілерін байқай бастады.

“Адамзат тарихында 2015-2018 жылдары ыстық мезгіл саналды. Оған көмірқышқыл газының көбеюі себеп болды. Дүниежүзілік метерологиялық ұйым мәліметінше, көмірқышқыл газы рекордтық көрсеткішке жеткен”, – делінген хабарламада.

Қазіргі жылы солтүстік жартышарда 70 тропикалық циклон мен жел болды. Ал, орташа көрсеткіш 50-ді көрсетті.

Ғалымдардың айтуынша, ғаламдық салқындау мәселесі тез арада зерттеуді қажет етеді. Климаттың өзгеруі экожүйеге 2030 жылдан бастап әсер ете бастайды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау