Адамның гей немесе педофил болуының себебі неде?

Сенбі, 19 Қараша , 2016 19:40

Соңғы уақытта педофилдердің қылмысы жиі тіркеліп жүр. Олардың азғындықтары бүлдіршіндерді жарық дүниемен қош айтысуға мәжбүрлеуде. Десе де, осы әрекеттеріне лайық жаза алып та жатыр. Күні кеше Дарья Регурцкаяны зорлаған педофил 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда түрме рецидивистерді түзей ала ма?

епакавв

Осы орайда Stan.kz тілшісі олардың психологиясы туралы маман Гүлжан Амангелдіқызынан сұрауды жөн көрді.

– Әрине, педофилдерді жақтамаймын. Бірақ олардың да еш себепсіз балаларға тиесетініне сенбеймін. Осы орайда, педофилдердің психологиясы туралы айтып өтсеңіз.

– Қазақстанда ауқымды зерттеу жүргізуге қаржы бөлінбейді. Сондықтан нақты атап айту қиын. Педофилдердің сексуалдық жасы артта қалып қояды. Яғни 40-тағы еркек өзін 11-12 жастағы баладай сезінуі мүмкін. Кішкене қыздарға ғашық болып, өздерін физиологиялық тұрғыдан ұстай алмай қалады. Қалыпты нормадан ауытқиды. Баласы “гүлденіп” келе жатқан шағында әкесі “сен еркек емессің” деп ұрысса, сүйген қызы бетін қайтарса, адам педофилияға шалдығады. Көбінесе клиенттерім сексуалдық тәжірибесінің 15-17 жаста өзінен жасы үлкен әйелмен немесе жезөкшемен болғанын айтады. Бұдан кейін жігіттер өздерінің қатарластарымен болғысы келеді.

Осындайда құрдас қызы оны қалжыңдап кемітсе, жүрегіне жақын қабылдауы мүмкін. Ортақ сипаттама шығару үшін бір емес, мыңдаған педофилді зерттеу керек. Сол кезде ғана ортақ сипаттама шығып, біз педофил болуы мүмкін деген адамдарды алдын ала біліп отырамыз. Қазақта жас қызға ғашық болған 60-70 жастағы аталарды “жасы келіп қалды, алжыды” деп жатады. Шындығында, бұл – деменция. Яғни ересек адам қартаюдың орнына, эмоционалдық түрде қайта артқа кетіп жатыр. Әдетте 10 жасқа дейінгі балаларды алдап осындай жағдайға душар етеді. Ал 10-18 жастағыларды педофилдер қорқытады. Көбінесе өгей әкелер осылай жасайды. Бірақ топырақты көпке шашудың да қажеті жоқ. Арасында норманың не екенін білетін, өзгенің баласын өзінікіндей көретін әкелер де бар.

– Гүлжан ханым, сіз екі жыл бойы Америкада білім алып келдіңіз. Ол жақта гей немесе трансвеститтерді қалыпты адам ретінде қабылдайды. Ал бізде жағдай өзгеше. Бірінші кезекте мені олардың бір-бірін қалай қабылдайтындығы қызықтырады. Оларда өзара “ер”, “әйел” деген атаулар бола ма?

Зигмунд Фрейд барлық адамның бисексуал болып туатынын айтады. Яғни бала өзінің қыз немесе ұл екенін білмейді. Жынысын ата-анасы ұқтырады. Әдетте еркек әйеліне қол көтеретін отбасылардан гейлер шығады. Еркектің рөлін көрсететін отбасыларда да дәл осы жағдай орын алады. Өйткені, бұл балалардың анасына деген жанашырлық сезімі жоғары. Бұдан өзге дәрігерлер миына зақым келген адамдардың гей болатындығын айтады. Яғни оларда қыз-ұл деген түсінік жоқ. Соңғы екі жылда Америкада білім алдым. Ол жақта “әйелім” немесе “күйеуім” деген сөздердің орнына “серігім” деген сөз көп қолданылып жүр. Тіпті олардың жеке сайттарындағы мақалаларын ашып қарасаңыз, ер, әйел сынды түсініктердің жоқ екенін байқайсыз.


Жіберіп алмаңыз:

Алматыда әйел өзінің 9 жасар қызын зорлаған педофилді жақтамақ болған

Алматыда 6 жасар қызды өлтірген педофил 24 жылға сотталды

Ата-анасы 5 жасар қыздарының зорланғанын оның суреттерінен біліп қойған

Алматыда әйел өзінің 9 жасар қызын зорлаған педофилді жақтамақ болған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
08.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар