Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Адамдыққа жатпайды": Алсудың отбасы "Голос.Дети" шоуындағы дауға қатысты пікір білдірді

Ресейлік әнші Алсудың отбасы оның қызы Микелла Абрамованың «Голос. Дети» шоуындағы жеңісінен кейінгі дауға қатысты пікір білдірді. Ол «музыка қыздың қанында бар» екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алсудың отбасы "Голос.Дети" шоуындағы дауға қатысты пікір білдірді

Алсудың ағасының әйелі Залина Сафина Instagram желісінде «Голос. Дети» шоуындағы дауға қатысты пікір білдірді.

«Ол үнемі бүкіл жерде ән айтып жүреді. Даусы тамаша. Адамдар, 10 жасар қыз жеңіске жеткеннен кейін, оны анасы танымал әнші болғаны үшін ғана сөгіп, жанын жаралау адамдыққа жатпайды», - деп жазды Залина Сафина. 

Сонымен қатар Сафина Микелланың еңбекқор, креативті және үйірімпаз екенін атап өтті. Оған өз дарынын көрсету мүмкіндігі берілді, дейді ол. 

Сондай-ақ, әншінің туысы көпшілікті тынышталуға шақырды.

«Біз баланы жеңісі үшін сынның астына алмай, ұрпағымызға үлгі болуымыз керек», - деп жазды ол.

Талқылау