Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Адамдар жанынан өтіп жатты: Қостанайда 4 жасар қыз анасын құтқарып қалды

Қостанайлық әйел көлікте есінен танып қалды. Бұл кезде көлікте 4 жасар қызы болған. 

Адамдар жанынан өтіп жатты: Қостанайда 4 жасар қыз анасын құтқарып қалды

Қыз бала әжесіне хабарласып, болған жайтты айтады. 

Облыстық төтенше жағдайлар баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 мамырда әйел адам хабарласып, немересі мен қызының жабулы көлік ішінде қалғанын айтады. Көліктің тұрған жері белгісіз еді. 

4 жасар қыз әжесіне автокреслоға таңылғандықтан сыртқа шыға алмайтынын айтқан. Полицейлер қызға хабарласып, белдікті қалай шешетінін түсіндіреді. Кейін қыздан қай жерде екенін сұрап біле бастады. Бүлдіршіннен оқиға орнындағы дүкен мен дәріхана атауларын сұрайды. Алайда шошынып қалған қыз бала еш ақпарат бере алмады.

Осыдан соң полицейлер қыздан көліктің дабылын басуды сұрайды. Қызы көліктің дабылын басқанда анасы қатты дауыстан оянады. Анасы полицейлерге тек ауданды ғана хабарлап, қайта есін жоғалтқан. Бірнеше минуттан соң көлік табылды. Полиция баланы әжесіне табыстап, әйелді дәрігерге жеткізді. 

Талқылау