Өзі ұзатылып жатқандай: Шахизаданың ұлттық киімі желіде қызу талқыға түсті (видео)
Әнші Шахизаданың қыз ұзатуға киіп шыққан көйлегі желіде қызу талқыға түсті. Оқырмандар Шахизаданың ұзатылатын жас қызға ұқсап қалғанын байқаған, деп жазады Stan.kz.

Соңғы кездері Шахизада да өнердегі әріптестерінен қалыспай, қыз ұзатуға жиі шығып жүр. Алматылық арулардың бірін ұзатқан әнші тойға ұлттық нақыштағы жаңа көйлегін киіп барған. Өнер иесінің образы желіде қызу талқыға түсті.
Оқырмандар көйлектің әдемі шыққанын әрі Шахизаданы жасартып көрсетіп тұрғанын атап өткен. Десе де, жағымсыз пікір иелері де жоқ емес.
“Өзіңіз ұзатылып бара жатқандайсыз, кететін қызбен жағаласып киініп”, – деп сынға алды Айнаш есімді оқырман.
“Ұзатылып жатқан қыз ән айтып тұр деп ойласам”, “Ажырасқандар қыз ұзатпайды”, – дейді басқа да қолданушылар.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген