Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Адамдар да ұшып кете жаздады: Маңғыстау облысында үлкен батутты жел ұшырып әкетті (видео)

Маңғыстау облысында балаларға арналған батутты жел ұшырып әкетті. Оқиғаны видеосы желіде пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Адамдар да ұшып кете жаздады: Маңғыстау облысында үлкен батутты желі ұшырып әкетті (видео)

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, оқиға 24 мамырда орын алған.

Видео кадрларынан үлкен үрлемелі батутты жел ұшырып әкеткені байқалады. Оны ұстап қалмақ болған адамдар да ұшып кете жаздады.

 

Tengrinews.kz порталының мәліметінше, оқиға Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы орталық саябақта батутты орнатып жатқан кезде орын алыпты. Абырой болғанда, оқиға кезінде батутта балалар болмаған. Ешкім зардап шеккен жоқ.

Ал аттракционның иесімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 
 

Талқылау