Адамбай ауру жолбарысқа қатысты қала әкімдігінен зообақ басшылығын тексеруді талап етті

Сәрсенбі, 27 Сәуір , 2016 19:23

Алматы хайуанаттар бағында 6 жасар жолбарыстың өлім аузында жатқаны жарияланған еді. Жолбарысқа зообақтың ветеринар мамандары емес, сырттан шамандар шақырылып емдеп жатқаны да айтылды. Бұл оқиға актер, режиссер Нұртас Адамбайды да алаңдатай қоймады.

Безымянный

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Соңғы кезде зообақтағы жолбарыстардың жай-күйіне қатысты ақпараттар көп тарап, хайуанаттар бағының басшылығына көп сын айтылды. Бүған Нұртас Адамбай да бей-жай қарамады.

«Хайуанаттарды қинауды тоқтатудың уақыты жетті. Тиісті органдар зообақ басшылығын баяғыда тексеруі керек еді», – деп жазады Нұртас Адамбай  Instagram желісіндегі парақшасында.

Хайуанаттардың қиналған күйіне күйінген режиссер Алматы әкімдігіне осы мәселені шешуді ұсынды.

«Алматы әкімдігі, мына қалада билік бар ма өзі? Шара қолданыңыздар! Велосипедтеріңізді тастап, хайуанаттарға көмектесіңіздер!», – дейді режиссер.

Бұл мәселені аяғына дейін жеткізгісі келген Нұртас Адамбай 6 жасар жолбарыстың жайын білмек болып бүгін арнайы зообаққа барып, мән-жайды анықтап көрді.

Жолбарыстың өлімші күйін көзімен көріп қайтқан режиссер желідегі достарынан көмек сұрады.

Друзья, все кто не равнодушен к тому, что происходит с животными в алматинском зоопарке! Давайте начнём акцию по их спасению! Сегодня там погибает тигрица Куралай! Давайте поможем ей хоть как-то! Требую прекратить издевательства над животными! Руководство зоопарка необходимо привлечь к ответственности! Сначала погибли барсы, теперь умирает тигрица! Если в вас есть хоть капля человечности, давайте поможем ей, если ещё не поздно. Разместите ее фото с хэштэгом #soskuralay. @akimat_almaty отреагируйте!

Фото опубликовано nurtasadambay (@nurtasadambay)

«Достар, Алматыдағы хайуанаттардың жағдайына бей-жай қарамайтын барлық азаматтарға қатысты айтамын! Оларды құтқару үшін шара ұйымдастырайық. Бүгін зообақта Құралай атты жолбарыс өлім аузында жатыр. Оған қалайда көмектесейік. Зообақ басшылығын қалайда жауапқа тарту керек. Бастапқыда барыстар өлді. Енді аналық жолбарыс өлгелі жатыр. Егер сіздерде титтей де бір адамшылық болса, кеш болып кетпей тұрғанда оған көмектесейік. Мына суретті ‪#‎soskuralay хэштегімен таратуларыңызды сұраймын», – деп жазады Нұртас Адамбай.

Жіберіп алмаңыз:

Алматы хайуанаттар бағында ауру жолбарысты шамандар азаптап жатыр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Кәрімов адамға да аңға да мейірімсіз жан.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар