Аборт жасатқан қытай қызының сәбиі аман қалып, оны басқа отбасыға сатып жіберген

Сәрсенбі, 2 Тамыз , 2017 14:49

Аяғы ауыр болып қалғанын білген 18 жастағы бойжеткен жүктіліктің 35-аптасында жасанды түсік жасатқан. Медбикелер аборттың сәтті өткенін хабарлағанда Лили өзін жеңілдеп қалғандай сезінген. Алайда бірнеше күннен кейін ару сәбиінің аман қалғанын және оның басқа отбасыға сатылып кеткенін білген.

1A10E980000005DC-0-image-a-25_1501244910817

Бұл туралы The Daily Mail басылымы хабарлайды.

Ақырында медбикенің арнайы құрылғының көмегімен шарананың тыныс алуын қамтамасыз етіп, оны аман алып қалғаны белгілі болды. Ақ халатты ару сәбиді өзінің жиеніне сатып жіберген екен. Бұл жаңалықты Лилиге полицейлер жеткізген.

Лили сәби күтіп жүргенін ешкімге айтпаған. Тек жүктіліктің 35-аптасында ағасын ертіп, аборт жасатуға бел буған.

Ал бойжеткенді босандырып алған Лян Сяохуа шарананың аман қалуға мүмкіндігі бар екенін сезгендігін мойындады.

Алдымен сәбидің жылаған даусын естіген Лян Сяохуа оны арнайы пакеттен шығарып, тыныс алу құрылғысын қосып қойған. Бұл әрекетін жасыру үшін сәбиді біраз уақытқа шкафқа тығып қойған-ды.

Бұдан кейін әйел өзінің ағасына хабарласып, мән-жайды айтыпты. Сәбидің жынысын анықтай алмағанын ескертуді де ұмытпаған. Мейірбикенің ағасы нәрестені өз үйіне алып кеткен екен.

Ал полицияға бүлдіршінді асырап алған азаматтың көршілері хабарлапты. Олар аяқ астынан пайда болған сәбиді көргенде, бір шикіліктің барын түсінген.

Арада бір жылға жуық уақыт өткен соң, сот шарананы ағасына сатып жіберген Лян Сяохуаны екі жылға бас бостандығынан айырды.

Ал аборт жасатпақ болған Лили мейірбикеден 1,1 миллион юань көлемінде өтемақы өндіріп алуды талап еткен. Алайда сот безбүйрек ананың өтінішін қанағаттандырмаған.

Жіберіп алмаңыз:

Сарқыраманың қасында сүйіктісіне ұсыныс жасамақ болған жігіт сақинаны суға ағызып алды (видео)

Ер адам бұрынғы сүйіктісінің мәйітін тоңазытқышта сақтап келген

АҚШ-та әлемге танымал әншіден аумайтын бұзау туылды (фото)

Украиндік ұшқыш көз көрмес қараңғылықта 121 жолаушыны аман-есен жерге қондырды (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар