Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әбілязовтың жұбайын ұрлау ісі бойынша Италия прокуратурасының күдігіне 8 адам іліккен

Күдіктілердің арасында ,  Италия мемлекеттік полициясы, жедел  қызмет орталығының басшысы, әлемдік дәрежедегі белгілі судья және бес полиция қызметкері бар.

шалабаева

Бұл туралы STAN.KZ  «РИА новости»-ге сілтеме жасай отырып хабарлайды.

 Италияның  Перуджа  қаласының прокурорлары,  Әбілязовтың әйелін 2013жылы  Италиядан  Қазақстанға  ұрлау ісіне сегіз адамды күдікке алып отыр.

Әбілязовтың жұбайы Алма Шалабаева 2013 жылы 31 мамырда  кіші қызы Алуамен бірге Қазақстанға жеткізілген еді. Сол кезде италялық тәртіп сақшылары оның күйеуін ұстау үшін арнай түнгі операция жүргізген болатын. Біра Мұхтар Әбілязов вилласында жоқ болған. Күйеуін ұстай алмаған полиция  судьяның үкімімен Қазақстанға жөнелтілген Алма Шалабаеваны ұстаған.

аблязов

Ақпарат бойынша күдіктілер белгілі болған. Олар  Италия мемлекеттік полициясының  жедел қызмет орталығының басшысы Ренато Кортезе, көші-қон бөлімінің бұрынғы бөлім басшысы  Квестуры Рима мауриционо Импрота, судья Стафания Лаворе және 5 полиция қызметкері бар.

«Шалабаеваның ісіне» байланысты  үлкен саяси жанжал басталған. Парламентте ІІМ басшысы Анжелино Альфаноға сенуге болама деген сұрақ та көтерілген. Мемлекет осы шудан кейін Шалабаеваны депортпциялау туралы шешімді де жоққа шығарған. Прокуратура болған жайтты қайта анықтауға кіріскен. Жоғары кассациялық сот 2014 жылы заңсыздықты тапқан.

2013жылдың шілдесінде  Мұхтар Әбілязов Францияда ұсталған еді. Осы күнге дейін қамауда отыр. Оны Ресей мен Украйна  өздеріне қайтарып алуға тырысып жатыр. Ал Қазақстан мен Францияның арасында келісім болмағандықтан заң бойынша оны өз еліне бере алмайды. Әбілязовтың атына  Ресей мен Қазақстанда қылмыстық іс қозғалған. Ол миллиардтаған долларды ұрлады, жалған құжат жасау,алаяқтық бойынша айыпталуда.

Мұхтар Әбілязовты эстрадициялау құжатына Франция  премьер –министрі Мануэл Валтсом 17 қыркүйекте қол қойған. Әбілязовтың қоғаушысы  оны экстрадициялау бойынша үкімгді  Франция Мемлекеттік кеңесіне  қайта шағымдануды шетік деген еді.

 

Талқылау