Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әбдіжаппар Әлқожа Мейрамбек Бесбаевтан кешірім сұрады

Әбдіжаппар Әлқожа “Жекпе-жек” жобасында өзінен басым түскен Жолдасбек Әбдіхановты жеңісімен құттықтады. Ол қазылар алқасы әділ шешім шығарғанын алға тартып, дайындығы аз болғаны үшін Мейрамбек Бесбаевтан кешірім сұрады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Әбдіжаппар Әлқожа Мейрамбек Бесбаевтан кешірім сұрады

“Кешегі жеңісің құтты болсын Жолдасбек Әбдіханов. Біз бауыр, біз доспыз. Бір ауылдан шыққан аға-іні қатынасындағы жандармыз. Бірінші рет жеңілгеніме қуандым. Өйткені мен Жолдасбекпен түстім бәйгеге. Барлығы тамаша және өз ретімен болды.

Мейрамбек ағама, “Жекпе-жек” бағдарламасы ұжымына, маған қаншама жақсы пікір айтып күш берген, жігер сыйлаған ағаларыма әпкелерге айтар алғысым шексіз.

Осы күнге дейін халық алдында ән айтқаныммен өнер майталмандары алдында ән айтып көрмеген едім. Маған үлкен тәжірибе болды. Рахмет мені байқап елегеніңізге, Мейрамбек аға.

Аға, сіз дарасыз және тек әділдік көрсеттіңіз. Дайындығым аз болғаны үшін, осындай мықты бағдарламаға еркелікпен, барымды көрсете алмағаным үшін кешірім сұраймын.
Мен жекпе-жектен шыққаным жоқ! Мен арасына кірдім. Өйткені ағалардың қолдауын, керемет көзқарасын ұғындым, жақыннан таныстым. Рахмет” – деді ол.

Айта кетейік, күні кеше Роза Әлқожа інісіне сын айтқаны үшін Мейрамбек Бесбаевқа ренжіп қалған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Талқылау