Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Әбдіхалықова 21 мың теңге көмекті сұраған әйелдер туралы: Әрбір екінші әйелді күйеуі тастап кеткен

Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова үкіметтің баспасөз конференциясында өңірлерде өзінің алдына жағдайын айтып, атаулы әлеуметтік көмек сұрап келген әрбір екінші әйелді күйеуі тастап кеткенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«5-6 баласымен тастап кеткен отбасылар бар. Мысалы, Семейде ер адам әйелін 6 баласымен тастап кеткен. Оған ешқандай алимент төлемейді», - дейді премьер-министрдің орынбасары. 

Әбдіхалықова статистика бойынша Қазақстанда жылына 50 мың ерлі-зайыпты ажырасатынын мәлімдеді. 

«Бұл өте нашар көрсеткіш... Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 912 іс қозғалды. Бізге отбасындағы әйелге, балаларға қатысты зорлық-зомбылық туралы айтып келген әйелдер көп болды. 

Алименттен жалтармақ болғандарға қатысты 3 мыңнан аса іс қозғалған. Әйелдер күйеуінің балаларына моральдық, материалдық тұрғыда көмектесуден бас тартқанын айтты. Біз бүкіл әлем болып бұл жайсыз құбылысқа қарсы тұруымыз керек. 

Біздің ұлттық санамызда әлеуметтік арамтамақтық деген болмаған. Қашанда дұрыс, адал және таза еңбекпен өмір сүрдік», - дейді Әбдіхалықова. 
 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр