Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абай Бегей сыйға алған қымбат көлігін көрсетіп мақтанды

Әнші үшін халықтың қошеметі мен ыстық ықыласынан асқан сый жоқ! Алайда кейде құрғақ ауыз сөзден қарағанда, өнер адамына деген құрметін бағалы сыйлық арқылы білдіретін тыңдармандар бар. Солардың бірі Абай Бегейге “джип” автокөлігін сыйға тартқан.

Бұл туралы әншінің өзі Instagram-дағы парақшасында жазған, деп хабарлайды Stan.kz. 

“Ерген ағамыздай жомарт ағаларымыз аман болсын. Мақтанып жатыр деп ойлап қалмаңыздар”, – деп жазды әнші.

Желі оқырмандары Абай Бегейді жарыса құттықтауда. Алайда олардың арасында онсыз да сән-салтанаттың ортасында шалқып өмір сүретін әншіге көмектескен жомарт жанды сынағандар да табылды.

“Осындай жаны жомарт ағаларымыздың құлағына алтын сырға нағыз көмекке мұқтаж жандарға неге көмектеспеске”, – деп пікір білдірді желідегілердің бірі.

Жіберіп алмаңыз:

Арман Қоңырбаевты соққыға жыққан кім?

Айқын: Жеке өміріме араласпаңыздар, менде бәрі күшті

Құлсарылық ғашықтар Марлен мен Әнел жақында үйлену тойын жасамақ

Кәмшат Жолдыбаеваның испан стиліндегі клипі тыңдарманға ұнап қалды (видео)

Талқылау