Абай Бегей “Ла-ра-ри” атты су жаңа туындысын ұсынды (видео)
2 ақпан күні Куба еліне аттанып, Отанға үш бейнебаянмен оралуға уәде берген Абай Бегей тыңдармандарына су жаңа туындысын ұсынды. “Ла-ра-ри” деп аталатын "Синфронтора" тобымен бірге түсірілген бейнебаянда әншілер испан және қазақ тілінде ән айтады.
Фото: instagram.com/abai_begei/
Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды. Абай Бегеймен бірге Куба еліне режиссер Рахман Кенжебеков, "Қазақстан-Ақтау" телеарнасының басшысы және "Синфронтера" тобы ұшқан болатын. Әнші “Ла-ра-ри” деп аталатын бейнебаянды аталған топпен бірге түсірген. Осыған дейін “Аспанға қараймын” әніне бірігіп бейнебаян әзірлеген болатын. Әнші Кубалық режиссерлермен алдын ала келісім-шартқа отырып, бұл сапарға жарты жыл бойы дайындалғанын айтады. Наурыз айында шығады деп күткен бейнебаян тыңдармандардың назарына бүгін ұсынылды. Тыңдармандардың бірі аталған бейнебаянды бекер көргендерін айтса, екіншілер Куба елін Қазақстанмен салыстырып үлгерді.Оқи отырыңыз: Абай Бегей Куба елінде түскен суреттерін көрсетті Абай Бегей екінші рет үйленді деп тыңдармандары шулауда Абай Бегей Кубада бейнебаян түсірмек
Талқылау
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді
Отандасымыз жат жерде жүрсе де қазақ елінің дәстүрі мен құндылықтарын күнделікті өмірде сақтауға тырысып жүргенін жеткізді
“Сыйлықтар сыйлап, кемінде бір пәтер алғызатын адам”: Неліктен қазақстандық бойжеткендер тоқал болуға келіседі
Психолог: "Оны көбіне "махаббат" деп түсіндіріп ақталып жатады”