Әліби Жұмағұловты айуандықпен ұрды деген Қайрат Жамалиевтің дүние-мүлкі сатыла бастады

Сенбі, 23 Қаңтар , 2016 9:03

Әліби Жұмағұловты айуандықпен ұрды деп 13 жылға сотталған Қайрат Жамалиевтің дүние-мүлкі сатыла бастады. Астана қалалық мемлекеттік мүліктер және жекешелендіру департаменті Жамалиевқа тиесілі болған Ламборджини көлігін саудаға қойып отыр.1430801007_alibi-kayrat

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

“Әліби ісі” деген атпен елді шулатқан сот процесіне қатысты соңғы шешім былтыр 7 тамызда жария болған. Сол кезде судья басты айыпталушы Қайрат Жамалиевті кінәлі деп танып, 13 жылға бас бостандығынан айырған еді. Онымен қоймай Жамалиевтің әртүрлі бизнестегі үлестерін тәркілеп, жеке мүліктерін де мемлекет иелігіне алу туралы үкім шығарған.

Шығарылғанына 3 жыл ғана болған қымбат көлігі де енді сатылмақшы. Әлі күнге Жамалиев мырзаға тиесілі қымбат нөмірі де шешілмеген. Экс-бизнесменнің темір тұлпары 47 миллион теңгеге бағаланып отыр.

Қарапайым халыққа 47 миллион қол жетпес арман болса, кейбір жандар үшін қалыпты жағдай сияқты. Өйткені, аукцион ағылшын әдісімен өтетіндіктен, Ламборджинидің құны әлі де өсуі мүмкін. Бәссауда 5 ақпанға белгіленген. Қымбат көлікті алғысы келетіндер алдын ала 7 миллион теңге жарна өткізуге міндетті.

33df64580bb94b45d0b05848bf35c61c80

Жаңа “Ламборджини Галлардо” көлігі 2-3 жыл бұрын 400 мың долларға бағаланыпты. Яғни, Жамалиев мырзаның мінгені жарты құнын жоғалтты деген сөз. Соның өзінде Астанадағы 3 немесе 4 бөлмелі пәтердің бағасымен пара-пар екен.

Бұдан бөлек Қайрат Жамалиевтің тағы 2 көлігі тәркіленген болатын. Онымен қоса әртүрлі бизнестегі үлестері тағы бар. Мемлекет иелігіне алынған бұл активтердің қашан және қаншаға сатылатыны әзірге белгісіз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Шынымен өзін соттады болды енді несі бар дүниесінде?

  • Anonymous says:

    Биреудин енбек теримен тапкан затында неси бар. Ози сотады жетпеима сол балашагасын ким ойлайды. Бир Алла корип тургой барин жауапты Алла алады

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар