Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

96 жастағы әжесінің арманын орындағысы келген немересі күйеу жігіт болып киініп келді

Қытайда Ван На есімді әйел әжесінің арманын орындап, оның «күйеу жігітіне» айналды. Оның әжесі өмір бойы үйлену тойына арналған фототүсірілімге түсуді армандаған екен.

96 жастағы әжесінің арманын орындағысы келген немересі күйеу жігіт болып киініп келді

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Өткен ғасырда жас жұбайлардың көпшілігінде үйлену тойын өткізу, тойға арналған фототүсірілім жасау мүмкіндігі бола бермеген. Сондықтан 96 жастағы кейуананың немересі әжесіне тосынсый жасағысы келіпті. Ол фотостудиямен келісіп, өзі атасының образын сомдады.

«Әжем қатты қуанып, өзін қайта жас сезінетін болды», – дейді 40 жастағы Ван На.

Нәтижесінде фототүсірілім сәтті өтті. Немересінің айтуынша, әжесіне суреттер қатты ұнаған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау