Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

80 жастағы польшалық ерлі-зайыптылар Лондондағы клубта таңға дейін билеген

Лондондағы түнгі клубқа Варшавадан арнайы келген 80 жастағы ерлі-зайыптылар таңғы сағат  беске дейін билеген.

қарияларрр

Қариялар Лондонға қыздарының үйіне қонаққа келген. Қаладағы саяхаттарын қызықты өткізу үшін өздеріне ұнайтын жерлерді газеттен қарап тапқан. Олар WetYourSelf кешіне арнайы билет сатып алған. Кешкі сағат 22:00 шамасында келген ата мен апа онда таңға дейін болған.

Түнгі клубтың диджейі мен қызметкерлер қарияларды басында дұрыс білмейтін қалада, адасып келді деп ойлаған. Өйткені қонақтар ағылшын тілінде әрең сөйлеп тұрған.

«Мен оларды кеш қонақтарының біріне келген туысы деп ойладым. Күзетші екі қарт кісінің осы кешке арналған билеттері барын айтты»,-дейді  клуб диджейі.

Хансен есімді диджей клубта отырғандардың арасынан  польша тілін білетін азаматты тауып, қариялардың мақсатын сұраған. Қариялардың жағдайына бей-жай қарамаған диджей олардың көңілі жас екеніне жүрегі елжіреп қолынан келгенше қолдау көрсетіпті. Ерлі-зайыптыларға  вип аймаққа шығуға, бардан тапсырыс беруге рұқсат беріп, үйіне дейін жеткізіп салатын такси ақысын да төлеп берген. Оның сөзінше зейнеткерлер түні бойына басқа қонақтардан өзгешеленбестен ішіп, билеп көңілді жүрген.

 

Талқылау