8 жастағы суретші картиналарының арқасында 235 мың доллар ақша тапқан (фото)
Британиялық басылымдар Киерон Уильямсонның сурет салу стиліне қарап оған “кішкентай Мон” деген ат берген. Ол кезде балақай тіпті кішкентай еді.

Сурет nbukids.wordpress.com
Бұл туралы adme.ru сайты хабарлайды.
Қазір 13-ке толған Киерон Уильямсон өзінің талантын дәлелдей бастады. Қазірге дейін өзінің бірнеше көрмесін өткізіп үлгерген. Әрине, ол да бала ретінде бейне ойындар ойнайды, футболды жақсы көреді, бірақ суретке деген махаббаты бәрінен асып түседі.
Оның 2009 жылы өткізген көрмесінде 14 минуттың ішінде 16 картинасы 18 200 фунт стерлингке сатылып кеткен. Ал келесі жылғы шілде айында өткізген көрмесінде 33 картинасы 150 000 фунт стерлингке саудаланған.
Төменде автордың бірнеше тамаша туындылары жарияланып отыр.

"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі
"Ешқандай адам өте алмайды": Шетелдіктер қазақ тілінен тапсыратын тесттің қиындығына шағымданды
Шетелдік: "Жарайсыңдар, сендер жеңдіңдер!"