Көкшетауда 8 жасар қыз өртке оранған үйден бауырларын құтқарды
Көкшетауда өртеніп жатқан үйден сіңлісі мен бауырын алып шыққан қызға алғыс хат берілді. Бұл туралы төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: ТЖД баспасөз қызмет
Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақмола облысы құтқарушылары ҚР ІІМ ТЖД төрағасы атынан 8 жасар оқушы қызды алғыс хатпен марапаттап, сыйлық табыстады.
“Көкшетау қаласы Красный Яр ауылының №3 мектебінде 3 сыныпта оқитын Совет Ұлдана Дәуірқызы үлкен ерлік жасады. Оқушы 9 қарашада өртке оранған үйден сіңлісі мен бауырын алып шықты”, — делінген ТЖД хабарламасында.
Сол күні балалардың анасы түнгі ауысымға жұмысқа кетіпті. Ал ересек қыздары туыстарына кеткен екен. Түн ішінде үйден өрт шығады, 8 жастағы қыз құтқарушылар келгенше кішкентай балаларды алып шыққан.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі