8 жасар алматылық қыз украиналық “Голос” шоуының қазыларын таң-тамаша етті (видео)
Алматылық талантты әнші қыз Алина Сансызбай украиналық “Голос. Дети” шоуына қатысып әділқазылар мен көрермендерді ерекше дауысымен таңқалдырды.

Ол жобада Арета Франклиннің “Think” әнін орындап шықты. Ол әнді орындаған сәтте қазылар мен көрермендер билей жөнелді.
Олардың арасында украиналық әнші Дмитрий Монатик талантты қызға бірінші болып бұрылды және алғашқы кезеңдегі оның тәлімгері атанды.
“Білесің бе, неге мен саған бұрылдым? Өйткені, мен орнымда отыра алмадым. Бұл тамаша тембр мен балалық энергияның иесін көргім келді”, – деді әнші жүрекжарды лебізін білдіріп
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды