Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

79 млрд теңге жұмсалатын пантеон құрылысы 100 жылға созылуы мүмкін

79 млрд теңге жұмсалады деп жұртты шулатқан элиталы зираттың құрылысы 100 жылға созылуы мүмкін. “Астана бас жоспар” институтының өкілі “қорым қымбатқа түседі” дегенді дүрлікпе сөз деп отыр. Себебі бұл сома бір айға емес, жүздеген жылдарға есептелген екен.

ыс

Сурет zanmedia.kz

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Пантеонның техника-экономикалық негіздемесіне ғана 79 млрд теңге бөлінетіні халықтың наразылығын тудырған. Алайда жауапты органдар әзірге 2,3 миллиардтың Қабанбай мазарын жөндеуге, аумақты абаттандыруға жұмсалатынын айтқан.

Ал күні кеше мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қабір құрылысына қарсыларға Габриэл Маркестің “Жүз жылдық жалғыздығын” оқуға кеңес берген. Пантеонның тарихи маңызын айтқан министр, дағдарыс кезінде мазар мәселесі кейінге қалдырылғанымен, сұраққа оралуға тиіспіз деді. Ал қаржылық жағынан Арыстанбек Мұхамедиұлы хабарсыз екен.

“Габриэль Маркестің “100 жылдық жалғыздығын” оқып шығыңыздаршы. Онда “Неге сіздің ауыл табиғи апаттардан көз ашпайды” деген сауалға кемпір тамаша жауап берген. Ұрпағымыз жерді тастап кетпеуі үшін осы аймаққа біреуіміз жату керекпіз, мен бірінші адам болып осында жерленуге дайынмын деген. Міне мұндай қадамдар арқылы біз танымал тұлғаларымызды тани түсеміз, Астанаға пантеон қажет”, – деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Талқылау