70 жыл отасқан ерлі-зайыптылар қол ұстасқан күйі өмірден озды
АҚШ-та жетпіс жылға жуық бір шаңырақ астында тұрған ерлі-зайыптылар бір аурухана палатасында араларына 40 минут салып көз жұмды.

89 жастағы Тереза Ваткин 22 сәуір күні түнде Чикагодағы Highland Park ауруханасында қайтыс болды. Оның 91 жастағы күйеуі Айзек бір сағатқа жетер-жетпес уақытта өмірден озды. Туыстарының айтуынша, әжей қайтыс болар алдында екеуі қол ұстасып жатқан.
Олардың қолын ажыратқан кезде ер адамның ақтық демі таусылған, деп хабарлады Associated Press. Ерлі-зайыптылардың ұлы Лео Ваткин журналистерге әкесінің анасын шексіз жақсы көргенін, одан жырақта ештеңе жасағысы келмегенін айтты. Тереза мен Айзекті жерлеу рәсімі 24 сәуір күні өтті.
Тағы да оқыңыз:
Ерлі-зайыптылар фильмнің әсерімен ұлын өлтіріп тастады
70 жыл бірге тұрған ерлі-зайыпты екі жақта жатып бір сәтте көз жұмды
Қосымша жезөкшелікпен айналысқан тележүргізушіні жұмысынан қуды (фото)
2,8 шақырымға 4 миллиард теңге жұмсалған: Жетісу облысындағы сарқырамаға апаратын жолдың құрылысы әлі бітпей тұр
Сарқырамаға апаратын жол 2027 жылы қолданысқа берілмек
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа Алматыдан 120 миллион теңгеге пәтер берілмек
Әкімдік тұрғын үй 2026 жылы Милан қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындарының жүлдегеріне арналғанын айтты