Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

7 жасар баланың адвокаты: Баламен де, әжесімен де екі күннен бері кездесе алмай отырмын

Сарыағаштық жеті жасар бала мен әжесінің қорғаушысы Бауыржан Азанов олармен 48 сағаттан бері кездесе алмай отыр.

Қорғаушы бұл туралы «ДОМ» қайырымдылық қорының басшысы Аружан Саин бастаған қоғам белсенділерінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

«Мен олардың Астанаға қалай әкетілгенін білмеймін. Олардың Астанадан қалай шыққанын түсінбеймін. Оларды көрмегеніме бүгін 48 сағат болды. Сондықтан бүгін отбасының сенімді өкілі Құрманғазы Мүсірмен бірге Астанаға жолға шыққалы отырмыз. Бізді олармен кездестіруді талап етеміз», – деді Азанов.

Еске салсақ, 14 наурыз күні кешкісін сарыағаштық «зорланды» делінген жеті жасар бала, әжесі, әпкесі және сенімді өкілі төртеуі Шымкент теміржол вокзалынан Алматыға жол жүруі тиіс болатын. Бірақ оларды ОҚО Ішкі істер департаментінің қызметкерлері сағат 20:17-де жүретін пойызға мінгізбей, алып қалды. Оларды вокзалдан ОҚО Ішкі істер департаментінің ғимаратына әкелді.

Ресми хабарламада «Шымкент темір жол вокзалында баланың әжесімен әңгіме жүргізілді. Оларға мемлекет тарапынан берілетін қорғауға алу құқығы бойынша тергеуші қаулысының қажеттілігі туралы түсіндірілді. Содан кейін баланың әжесі мемлекет тарапынан берілетін қорғауды пайдалану құқығын қолдану туралы шешім қабылдады», – деп жазылған ОҚО Ішкі істер департаментінің таратқан мәлімдемесінде.

15 наурыз түні сағат 1.00 шамасында Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева аталған ғимарат ішінде мәлімдеме жасады. Ол өз сөзінде бала мен оның туыстарын Астанаға әкетітінін мәлімдеді. 15 наурызда бала, әжесі және әпкесі Астанаға жеткізілгені хабарланды.

Тағы оқыңыз:

Балиева: Баланың ресми өкілімін деген адвокатты екі сағат күттім, келген жоқ

Балиева: 7 жасар балаға пәтер беріледі деп айтқан жоқпын

Зағипа Балиева 7 жасар баланың ісіне қатысты: Мектеп директорының кімнің туысы екенінде шаруам жоқ

Талқылау