Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне арналған ерекше тілектер

Ардақты ер азаматтарды тілектер жазылған көрнекі суреттермен құттықтаңыз. Назарларыңызға 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай ең ерекше құттықтауларды ұсынамыз. 

***

Сіздерді Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміздің жарқын болашағы үшін атқарып жатқан игі істеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, бақытты ғұмыр тілейміз.

 

***

Бүгінгі 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мерекелеріңіз құтты болсын! Таусылмас бақыт, мол ырыздық тілейміз. Шаңырақтарыңыз биік, керегелеріңіз кең, терезелеріңіз тең болсын. Әрқашанда аспанымыз ашық болып, еліміздің тыныштығы бұзылмасын.

 

***

Еліміздің тыныштығы мен бейбіт тірлігінің сақшылары Отан қорғаушылар күні құтты болсын! Осындай ерекше күні сіздерге бейбіт өмір, баянды бақыт, татулық пен береке-бірлік тілейміз. 

 

***

Құрметті, ер азаматтар, бейбіт өміріміздің сақшылары! Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, қажымас қайрат, мықты ерік-жігер, таусылмас бақыт тілейміз! Отбасыларыңыздың қорғаны, ата-аналарыңыздың үмітін ақтар азамат болуларыңызға тілектеспіз! 

 

***

Еліміздің қорғаны - ер азаматтар! Сіздерді мемлекетіміздің айбынды мерекесі Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз! Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар.

 

 

 

 

 

 

Талқылау