“7-20-25” ипотекалық бағдарламасы мамыр айында қабылданады

Ақышевтің айтуынша, қазір аталған бағдарлама тек жаңа тұрғын үйлерге есептелсе, кейінірек екінші деңгейлі үйлерді енгізу мүмкіндігі қаралады.

"7-20-25" ипотекалық бағдарламасы мамыр айында қабылданады

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Осы жылдың мамырында қабылданатын “7-20-25” бағдарламасына Қазақстанның тұрақты табысы бар барлық азаматы қатыса алады, деді ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.

Жаңа бағдарламаға сәйкес, несие өсімінің мөлшерлемесі жылына 7 пайыздан, бастапқы жарнасы 20 проценттен аспайды. Несие мерзімі – 25 жылға дейін.

“Басқа шарттар талқыланып жатыр және биылғы жылдың мамырында қабылданатын бағдарламада көрсетіледі”, — деп атап өтті Ақышев.

Ұлттық банк басшысының айтуынша, ипотекалық бағдарлама жаңа тұрғын үйлерге есептелген. Болашақта бағдарламаға екінші деңгейлі тұрғын үйлерді де енгізу мүмкіндігі қаралмақ. Әр облыста баспана бағасы әртүрлі болғандықтан, ипотекалық қарыздың максималды мөлшері өңірге байланысты сараланады.

“Бағдарлама бойынша ипотекалық тұрғын үй қарызы тек теңгемен беріледі. Ал банктер ипотекалық займды алу және қызмет көрсету кезінде ешқандай комиссия алмайды”, — деп сендірді Ақышев.

Тағы оқыңыз:

“Сопылар ісі” бойынша сотталған профессор Саят Ыбырай мерзімінен бұрын бостандыққа шығатын болды

Өскемен–Алматы тас жолында көлік апатынан бес адам қаза тауып, екеуі зардап шекті

Нығматулин: Ақышев, нақты жауап бер дегенді түсінесіз бе, бізге лекция оқымаңыз

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
16.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар