Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«7-20-25» бағдарламасының шарттары жарияланды

«7-20-25» жаңа ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы бойынша қазақстандық банктер қарыз беру және қызмет көрсету үшін несие алушылардан комиссия алуға құқылы емес, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеп.

«7-20-25» бағдарламасының шарттары жарияланды

«Бағдарлама шарттарына сәйкес, ипотека рәсімдеуге қатысатын банктер несие алушыларға қарыз бергені және қызмет көрсеткені үшін олардан комиссия алуға құқығы жоқ»,- делінген Ұлттық банк таратқан ақпаратта.

Бағдарлама шеңберінде қатысушы банктерге қатысты өлшемшарттар айқындалатын болады. Қарыз беруге қатысатын банктердің тізбесі олар «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ-пен тиісті шарттар жасасқан соң Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында жарияланады.

Айта кетейік, бұл жаңа бағдарламаға Қазақстан Республикасының еңбек және (немесе) кәсіпкерлік
қызметтен алатын табысы бар, сондай-ақ меншік құқығында баспанасы жоқ кез келген ел азаматы қатыса алады.

Бағдарламада Қазақстан Республикасының кез келген өңірінде бастапқы нарықта тұрғын үй сатып алу үшін мынадай құн шегінде ипотекалық тұрғын үй қарызын алу мүмкіндігі қаралады:

25 млн теңге – Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалаларында;
15 млн теңге – басқа өңірлерде.

Бағдарламаның операторы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымы – «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ болып табылады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау