Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«7-20-25» бағдарламасы: қазақстандықтарды алаяқтық туралы ескертті

«Баспана» ипотекалық ұйымының сыртқы коммуникация қызметі мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының қатысушыларына алаяқтар мен жасанды көшірмелерден сақ болуды ескертеді, деп хабарлайды Stan.kz.

«7-20-25» бағдарламасы: қазақстандықтарды алаяқтық туралы ескертті

Желіде «7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотекалық кредиттеу түрінде өтірік хабарландырулар күн санап көбеюде.

Мұндай жолмен көптеген құрылыс компаниялары өздерінің коммерциалық пайдаларын, кейде тіпті туындаған мәселелерін танымал жазбашалармен жабылып шешкілері келеді

««7-20-25» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы басталысымен Интернет желісінде өз ұсыныстарын алдыға тартқан тұрғын үй кооперативтері мен құрылысшылар тарапынан жалған хабарландырулар жиілеп кетті. Азаматтарға әр түрлі 0-20-25, 5-19-25, 5-10-25 сандарын таңдау арқылы науқан ұсынылады», – делінген «Баспана» ипотекалық ұйымының хабарландыруында. Аталған ұйым бұл ұсыныстардың президенттік бағдарламаға еш қатысы жоқ екенін айтады.

Сонымен қатар, 25 саны кредиттің жылдық мерзімі емес болуы мүмкін, әдетте құрылыс компаниялары пәтерді 25 айға бөліп төлеуге сатады, ал 20 саны бастапқы жарна көлемі емес, кредиттің пайыздық көлемі болуы мүмкін.

««7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотека тек «Баспана» ұйымының серіктес бактерімен ғана беріледі. Қазіргі таңда өтінімді Банк ЦентрКредит, АТФБанк, Цеснабанк, Bank RBK және Евразийский банктері қабылдауда. Құрылыс компаниясы немесе тұрғын үй кооперативі кредит бере алмайды. Олар ұсынып отырған бөліп төлеу «7-20-25» бағдарламасына жатпайды. Бүгінгі таңда мұндай жеңілдік шарттарын ешкім ұсынбайды», – делінген ипотекалық ұйымның хабарландыруында.

«Біз жалпы нарықтың дамуына қарсы емеспіз, алайда азаматтарға жоғарыдағыдай қате ақпарат таратуларына қарсымыз», – деп атап өтті «Баспана» ипотекалық ұйымының төрағасы Қайрат Алтыбеков.

Сонымен қатар оның айтуынша, «Баспана» ұйымы «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үйдің бағасы мен кредит мерзіміне сай айлық төлемнің көрсеткіш кестесін құрған. Және кез келген артық төлем мен қосымша комиссия төлеу ұсынысынан аулақ болған дұрыс екенін айтты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау