«7-20-25» бағдарламасы бойынша қанша адамның несие алғаны белгілі болды

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы бойынша берілген алғашқы қарыздар туралы ақпарат жариялады.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша қанша адам несие алып үлгерді

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

10 шілдедегі жағдай бойынша қазақстандықтар 48,3 млрд. теңгеге 4 651 өтініш берген. Олардың ішінде 63 адам 752 млн теңгеге несие алып үлгерген.

Сонымен қатар жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша несие беретін серіктес банктердің де тізімі жарияланды. Енді қазақстандықтар «Банк Центр Кредит» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі», «Еуразиялық банк», «АТФ Банк», Bank RBK, «Цеснабанк», «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы 7-20-25 бағдарламасы бойынша ипотекалық несие рәсімдер алады.

Айта кетейік, 10 шілдедегі үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ұлттық банк басшысына бүгінгі күнге дейін берілген қарыздар жайлы сұрақ қойды. Ал, еліміздің қаржы бақылаушысы Данияр Ақышев бағдарламаның іске қосылғанына бір апта ғана болғандықтан, толық ақпаратты жақын уақытта ұсынамыз деп, уәде етті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
17.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар