«7-20-25» бағдарламасы: Аймақтар рейтингі жасалды

Екі мыңнан аса қазақстандықтар биыл жаздан бастап іске асырылған «7-20-25» бағдарламасы аясында пәтерге ие болды. Алайда аймақтар бойынша пәтер алушылардың саны үйлеспейді – Астана қаласы бойынша жеңілдікпен ипотекаға ие болғандар саны 860 болса, Шымкентте – тек 49. Маңғыстау облысында мақұлданған өтініш саны 216 болса,  Солтүстік Қазақстан облысында – тек 2, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«7-20-25» бағдарламасы: Аймақтар рейтингі жасалды

Президент бағдарламаға қажетті қолдау көрсетпеген шенеуніктерге сөгіс жариялап, жыл соңында басшылылардың қызметін «7-20-25» бағдарламасының іске асуына қарай бағалайтынын жеткізген болатын.

«Үкімет жұмыс істемейді, Бақытжан (Сағынтаев – ҚР Премьер-министрі. Авт сөзі).  Әкімдер жұмыс істемейді. Барлық әкімдерден сұраймын, адамдарға жақсы болу үшін тағы не істеу керек?  Бәрін бердік», –  деген еді президент кезекті халыққа жолдауында.

Бір ай өткен соң журналистер қай әкімдер өздерінің қызметтерімен тәуелкел еткенін тексеріп көру мақсатында әр аймақтағы пәтер алушылардың саны неге әртүрлі екенін біліп көрді.

Көшті бастап тұрған аймақтар – Астана (864 мақұлданған өтініш), Алматы (757), Маңғыстау облысы (216), Шығыс Қазақстан облысы (188), Ақмола облысы (154).

Жеңілістегі аймақтар болып Түркістан облысы, (0 өтініш), Солтүстік Қазақстан облысы (6), Павлодар облысы (12), Жамбыл облысы (34), Костанай облысы (45) табылды.

Сарапшылардың ойынша, нарық алғашқы тұрғын үйлердің жетіспеушілігін жекеменшік құрылыс компанияларының коммерциялық тұрғын үйлерді Астана мен Алматы қалаларында салуды жөн санағандықтарынан көріп отыр. Құрылыс компаниялары аймақтарға бармайды.

Қазақстандық жылжымайтын мүлік федерациясының президенті Ермек Мүсрепов құрылыс компанияларының аймақтарда тұрғын үйлер салмауының басты себебі жергілікті халықтың төлеуге қабілетсіздігі және жеке тұрғын үйге деген жоғары сұранысы деп түсіндіреді.

«Екі жыл бұрын қазақстандық жылжымайтын мүлік федерациясының сараптамалық тобы тұрғын үй нарығының жалпы жағдайын зерттеп, мемлекеттік «Қол жетімді баспана – 2020», «Нұрлы жер» бағдарламалары бойынша салынып жатқан алғашқы тұрғын үйлердің құрылысын зерттеген. СҚО, Павлодар және Жамбыл облыстары коммерциялық көпқабатты үйлері жоқ аймақтар болып табылды.

Бұл елдегі жеке тұрғын үй салуда алда келе жатқан солтүстік пен оңтүстік аймақтары, ал биік қабатты ықшам аудандардың құрылысы жалдамалы және несиелік тұрғын үйлерді іске асыру мақсатында құрылған мемлекеттік бағдарламалардың бастауынан кейін басталды.

Тұрғын үйлерге деген төлеуге қабілетті сұраныс бұл аймақтарда өте төмен, алайда «7-20-25» бағдарламасы жүзеге асқаннан кейін құрылыс саласының белсенділігін күтудеміз. Сол кезде аймақ бойынша пәтер алушылардың санының үйлеспегендігі ақырындап қысқарады деген ойдамын», – дейді Мүсрепов.

Оның айтуынша, мигранттарды қабылдайтын, оқу мен жұмысқа келушілердің саны көп, сонымен қатар өнеркәсіп дамыған және дәстүрлі түрде көпқабатты үйлер тұрғызылған халық тығыздығы жоғары аймақтар «7-20-25» бағдарламасы бойынша сұранысқа ие.

Бұрын соңды Жеңіс Қасымбек биыл «7-20-25» бағдарламасын толық қанды іске асыру үшін жаңа тұрғын үйлердің саны жеткілікті екенін атаған еді. «Баспана» ипотекалық ұйымының опараторына жыл соңына дейін сегіз мың пәтер бөліну жоспарланып отыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
15.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар