Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«7-20-25» бағдарламасы аясында қандай пәтерлер алуға болады?

«7-20-25» бағдарламасы бастапқы шарттарын өзгерте бастады. Ендігі екінші дәрежелі тұрғын үйлерін де алуға болады. Ендігі «7-10-25» бағдарламасы Шымкент және Ақтөбе қалаларында іске қосылып жатыр. Бағдарламаның шарты бойынша алдын ала төлем көлемі әлеуметтік осал топтар үшін он пайызға дейін азайған. Мұндай өзгерістер депутаттардың аталған бағдарламаға сұраныс жоқ екенін байқаған кезден бастап енгізіле бастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасының «Большие новости» бағдарламасына сілтеме жасап.

«7-20-25» бағдарламасы аясында қандай пәтердер алуға болады: алдын ала және артық төлем құнын қалай есептеу керек?

Алматы қаласында аталған бағдарлама бойынша қалай қаражат жинап, тұрғын үйге алуға болатынын КТК арнасының журналисі «Баспана» ипотекалық ұйымының өкілдерінен біле алды.

Қазақстандағы статистика комитетінің деректері бойынша орташа жалақы құны 152000 теңгені құрайды. Аталған жалақымен қандай тұрғын үй бағдарламаларына қатысуға болатынын білген.

Жаңа екі бағдарлама бар: «7-20-25» және «Баспана хит», біріншісі бойынша жаңа үй берілсе, келесісімен екінші дәрежелі тұрғын үйді алуға болады.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша ай сайынғы 152000 теңге жалақымен 15 миллион теңгеге үй алғыңыз келсе, алдын ала жиырма пайыз төлемді өтеген жағдайда ай сайын 85000 теңге көлемінде несие төлейсіз. Ал үстінен төлейтін артық төлем құны 25 жылда 13 440 000 теңгені құрайды. Сонда аталған уақытта алған пәтердің екі есе құнын өтейсіз. Әрине, несиені алдын ала жауып тастауға болады, бірақ орташа жалақымен тіпті алдын ала төлем көлемін жинаудың өзі қиынға соғады.

«Баспана» ипотекалық ұйымының баспасөз хатшысының айтуынша, әлеуметтік осал топқа жататын азаматтар мен жалақы құны аз тұрғындар мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы тұрғын үй несиесін рәсімдеулеріне болады.

«7-20-25» бағдарламасы аясында Алматы қаласының ортасынан бір бөлмелі, шетінен үш бөлмелі пәтер алуға болады. Алматы, Астана, Шымкент, Актау, Атырау қалаларына максималды үй құны 25 миллион көлемінде, басқа қалаларға – 15 миллион теңге болып бекітілген.

Алматы қаласының шетінен үш бөлмелі таза әрленген пәтерді алған отбасы алдын ала төлем үшін автокөліктерін сатқанын айтады. Ол үш миллионға жуық қаражат болатын және ай сайынғы несие құны 87000 теңгені құрайды.

Қаншалықты көп ақша болса да, несиеге өз баспаналарын алғандарына өкінбеген отбасы мұнша қаражатты ай сайын пәтер жалдап тұрса да жұмсалады дейді.

Ал «Баспана хит» бағдарламасы бойынша екінші дәрежелі тұрғын үй алуға болады. Оның аясында құны 26 000 000 теңгені құрайтын пәтерді жеті пайыз алдын ала төлеммен, он бес жылға несиеге алуға болады. 86 шаршы метрді құрайтын пәтер үшін айына 224000 несие төлеуге тура келеді және алдын ала төлем құны 5 000 000 теңге.

Көптеген қазақстандықтар тіпті алдын ала төлем құнын жинауға қиналады. Өйткені, бар жиған тергендері пәтер жалдауға жұмсалады. Бағасына бөлек қазіргі жаңадан салынып жатқан пәтерлердің сапасына да мән берген дұрыс. Көптеген үйлер уақыт өте бөлшектеніп құлап, бұзылып жатады. Бұл мәселеде қазақстандық құрылысшы Ягдар Нүсеров пәтерді сенімді компаниялардан алған дұрыс дейді. Алайда көп құрылыс компаниялары жаңадан ашылып, бір-екі тұрғын үйлерді салғаннан кейін банкротка ұшырап жататынын да ескерді. Сондықтан пәтер алу сұрағына өте мұқият қараған жөн.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау