68 жастағы әйел 40 жыл бойы шалғай аралда жалғыз өзі тұрып келеді (фото)

68 жастағы Зоя Лукас Канададағы жылына 127 күн бойы тұман басып тұратын Сейбл аралында ағаш үйде тұрады. Ол осыған қарамастан, аралды 34 шаршы километрге игеріп, онда өз үйі секілді еркін өмір сүреді.

68 жастағы әйел 40 жыл бойы шалғай аралда жалғыз өзі тұрып келеді (фото)

Бұл туралы The Sun хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Аралды 40 жыл бойы мекен еткен зейнеткер 400 жылқы мен 300 мың сұр итбалықтың және 350-ге жуық түрлі құстардың арасында өмір сүріп, өзін тыныштықта жүргендей сезінеді.

68 жастағы әйел 40 жыл бойы шалғай аралда жалғыз өзі тұрып келеді (фото)

68 жастағы әйел 40 жыл бойы шалғай аралда жалғыз өзі тұрып келеді (фото)

Ол аралға алғаш рет 21 жасында студент кезінде келген. Оның елді-мекеннен шалғай жатқан аралға ғашық болғаны соншалық, ол бұл жерді өзінің баспанысы етуді шешті.

68 жастағы әйел 40 жыл бойы шалғай аралда жалғыз өзі тұрып келеді (фото)

«Мен аралға қайта оралғым келіп әбден күйзелдім. Бастапқыда аралға жылқылар үшін келген болатынмын», – дейді әйел.

Аралдың табиғатына ғашық болған зерттеуші қазір туған еліне сирек барады. Әйелдің туған жері Канаданың Жаңа Шотландия провинциясындағы Галифакс қаласы. Қазір ол онда тек азық-түлік алуға ғана барып тұрады. 68 жастағы зейнеткердің үйіне айналған бұл аралға тек қайықпен немесе чартерлік ұшақпен ғана жетуге болады.

68 жастағы әйел 40 жыл бойы шалғай аралда жалғыз өзі тұрып келеді (фото)

Дала өміріне үйреніп қалған әйел күні бойы аралдың экологиясын зерттеп, ғалымдарға көмектесу үшін жылқылардың сүйектерін жинайды. Сейбл аралындағы жылқылар XVIII ғасырда ауыл шаруашылығы жұмыстары үшін әкелінген. Ал, 2013 жылы бұл арал ұлттық табиғи қорыққа айналды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
24.10.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар