Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Мөлдір Әуелбекова ұзатылды

Танымал әнші Мөлдір Әуелбековаға 4 желтоқсан күні сырға салынып, ұзатылды. Бұл туралы Мөлдір Инстаграмм парақшасында жариялады.

«Кеше сырға салынып, ұзатылдым. Енді бүгін беташар болды. Барша дүйім xалық болып қуанышыма ортақ екендеріңізді білемін. Тамаша тілектеріңізге, жылы лебіздеріңізге, құттықтауларыңызға үлкен алғыс! Жақсы көремін ғой сіздерді», – деп жазған әнші өз парақшасында.

Сондай-ақ әнші парақшасына жариялаған суреттерінің біріне: «Асқар тау әкемнің ақ батасын алып кеше шаңырақтан ұзатылдым», – деп жазған.

Әнші сұхбаттарының бірінде өзінің болашақ жары және тойға дайындығы туралы айтып берген болатын.
“Болашақ жартымның есімі – Арыстан, оны көптен бері жақсы танимын, оның өнерге ешқандай қатысы жоқ. Дегенмен де ол менің өнерімді, талантымды бағалай біледі, ол маған “Не істеп жүрсің? жұмыс жасайық, бейнебаян түсірейік” деп ұрысып қояды. Той өткеннен кейін мен де Астана қаласының тұрғыны боламын, өйткені жолдасым Елордада тұрады, оның үстіне осы қалада енем бар. Астанада үшеуіміз тұратын боламыз. Қыз жолдас – өзімнің жан құрбыларымның бірі – Санди Бексырға”, – деген еді.

Айта кетейік, Мөлдірдің көптен күткен қуанышты тойы 12 желтоқсан күні Тараз қаласында өтеді.

20151205230716

20151205230712

 

Талқылау