Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

66 жыл өсірген: Әлемдегі ең ұзын тырнақ иесі оны кесуге мәжбүр болды (видео)

Әлемде бойынша тырғаны ең ұзын адам оны 66 жылдан кейін кесті. Бұл туралы Гиннес рекордтар кітабының жеке парақшасында хабарланды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

66 жыл өсірген: Әлемдегі ең ұзын тырнақ иесі оны кесуге мәжбүр болды (видео)

Үндістанның Пун қаласының тұрғыны Шридхар Чиллал оң қолының тырнағын бала күнінен өсірген. 82 жастағы зейнеткердің тырнағын соңғы рет өлшегенде олардың жалпы ұзындығы тоғыз метр, 9 сантиметр болған. Чиллалдың ең қысқа тырнағы – сұқ саусағында, оның ұзындығы 1,64 метрді құрайды. Ал ең ұзын тырнағы 1,97 метр. Бүгінде тырнағын кесуге мәжбүр болған қария 2015 жылы әлемдегі тырнағы ұзын адам ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді.

Рекордтар кітабына кірген Чиллал тырнақтарының өте нәзік екендігін және оларды ұйықтап жатып сындырып алмас үшін, әрбір жарты сағат сайын оянып, қолын ауыстыруға тура келетінін айтты. Алайда, оның ата-анасы ұлдарының бұл ниетін құптамаған екен. Олар оған бұл тырнағымен ешқашан жұмыс таба алмайтындығын айтып, тырнағын алып тастауға кеңес берген. Бірақ, тырнақ өсіруге соншалықты құлшынған Чиллал фотограф ретінде қызметке орналасып, жұмыс істегенде камераны арнайы тырнақ ұстағышышпен қолданған.

Бірақ, ұзын тырнақ оның еркін жүріп-тұруына кедергі келтірген. Соның салдарынан ол қолын көтере алмай, ауырсынуды сезініп тырнағын кесіп тастауға мәжбүр болды. Себебі, тырнақтың салмағы мен ұзындығы оған қолын ашуға мүмкіндік бермеді.

«Жүрегім соққан сайын барлық бес саусағым, қолым және иығым қатты ауырады. Ал, тырнақтың асты ауырғаны соншалық, оған шыдау мүмкін емес», – деді ол.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

STAN.KZ
Бейсенбі, 12 Шілде, 2018 14:17
Талқылау