Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

56 жылдың ішінде күйеуі әйеліне 55 мың көйлек сыйлаған (фото)

Калифорния штатында тұратын Марга Брокманның киім ілгішіне тіпті Голливуд жұлдыздарының өзі таңдай қағуы мүмкін. Оның күйеуі некелескен 56 жыл ішінде 55 мың көйлек сатып алып берген.

Шыққан тегі неміс Пол Брокман 13 жасынан бастап биді жақсы көрген және әйелін де осы би алаңынан кезіктіріпті.

“Біз алғаш рет билеген кезде түні бойы биледік. Содан бастап бір-бірімізге жақын болып, сол күннен бастап көйлек сатып алуды бастадық”, – дейді Пол. Осылайша Пол 56 жасына дейін күніне орта есеппен 2-3 көйлектен сатып алып отырған.

“Мен әрбір жаңа көйлекті сатып алған сайын, оны әйелімнің киіп қалай құлпыратынын елестетемін. Ол ешқашан бір көйлекті бірнеше рет киіп жүре беруге тиісті емес”, – дейді күйеуі.

Пол мен Маргоның қазір қызғыштай қорып сақтап отырған көйлектер қоймасының аумағы 4 мың шаршы метрге жеткен. Алайда осыншама кең көлемді ұстап отыру шығыны артқаннан кейін олар көйлектің тең жартысын контейнерге жіберген.

Оқи отырыңыз:

Неміс пилоты қауіпті маневр жасап жолаушылардың жүрегін ұшырды (видео)

Ғалымдар: Секс өмірді ұзартудың бір жолы

18 рет түсік тастаған әйел ақыры ана атанды (фото)

12 жастағы оқушы өгей әкесінен бала туды

 

Талқылау