Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

53 жастағы Деми Мур пластикалық отадан соң жас қызға айналды

Деми Мур енді жас қыздармен бәсекеге түсе алады. Актриса күйеуі Эштон Качермен ажырасқан соң жүдеп кеткен. Бірақ, өзін қолға алып, соның арқасында қайта жасара түсті. Бұған оның жақсы көңіл-күйі мен дұрыс тамақтануы, йогамен айналысуы ғана емес, пластикалық ота жасауы да себеп болған сыңайлы.

329842

Мурдың жаңа бейнесін Instagram парақшасына қызы Таллула жариялап, «Анам жас қыздар секілді» деп жазған. Таллуланың жазылушылары бұған қатты таң қалғандарын жеткізген. Олар «Бұл Деми Мур ма?», «Бұл дұрыс емес», «Ол ең әдемі актриса, ол ешқашан қартаймайды», «Әдемі болып тұр, отаның ғажайып көрінісі деген осы», «Ол қандай сиқырлы су ішеді екен?», «Оның пластикалық оташысы кім?», «Оның дәрігеріне қаралғым келеді» деген сынды пікір жазған.

mur

Сурет: www.goodhouse.ru 

Деми Мурдың өзгергені жайында бұдан бір ай бұрын актрисаның АҚШ-тағы Гильдии сыйлығын тапсыру салтанатына келген кезінде айтылған еді. Актрисаның сол шарадағы суреттерімен дизайнері Зак Позен бөліскен. «Таңданарлық сұлулық», – деп жазды дизайнер желіде.

2010 жылы Деми Мурдың Эштон Катчермен түскен суреті шыққан еді. Онда Мур қазіргіден қарағанда қартаң көрінген.

Талқылау