Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

500 теңге пара алудан бас тартқан салық қызметкері 72 мың сыйақы алуы мүмкін

500 теңге пара үшін 336 700 теңге айыппұл салынған оқиға туралы жаңа мәліметтер белгілі болды.

500 теңге пара алудан бас тартқан салық қызметкері 72 мың сыйақы алынуы мүмкін

Бұл туралы BNews.kz хабалады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Аталған қызметкер дәл сол күні азаматтарға кеңес беруімен айналысқан. Ол сол жерде болған адамдарға, соның ішінде, өзіне 500 теңге ұстатқан әйелге көмектескен. Азаматша компьютердің тілін білмегендіктен, салық қызметкерін көмекке шақырған. Ол, тіпті өыхметкердің жас екенін көре сала, оған көмектескені үшін алғысын білтіретінін айтқан. Мүмкін, ол қызметкердің өзіне көп көңіл бөлгенін қалаған шығар. Жұмысын бітірген әйел өзіне көмектескен жігітке шай немесе тәтті үшін белгілі бір сома, яғни 500 теңге беремін деген. Ал, салық қызметкері ол ұстатпақшы болған ақшадан бас тартты, бұны көрген куәгерлер де бар», – деді Астанадағы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің сыбайлас жемқорлықпен күресу бөлімінің бастығының міндетін атқарушы Данияр Райымбаев.

Оның айтуынша, жас жігіт ақша алудан үзілді –кесілді бас тартқан, бірақ оның қарсылығы әйелді тоқтатпаған.

«Ал салық қызметкері басқа келушілерге көмектесіп жатқан кезде, ол жігітке келіп, қалтасына ақша салып, бөлмеден тез шығып кеткен. Жас жігіт басқа бір келушіге көмектесіп, қолы босамай тұрғандықтан, не болғанын түсінбей қалған. Сосын ол өзін жағымсыз қиындықтардан қорғау үшін өзінің тікелей басшысын бұл оқиғадан хабардар еткен. Кейін бұл әйелді құжаттар мен видеожазба арқылы тауып алды», – деді ол.

Оның айтуынша, заңда сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың болғаны туралы хабар бергендер ынталандырылады және салық қызметкері осы әрекеті үшін сыйақы алуы мүмкін.

«Заңнама бойынша сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың болғаны туралы хабар бергендер ынталандырылады. Біздің департамент қазір осы мәселені қарастыру туралы хат жолдады. Ал әкімшілік құқық бұзушылық туралы хабар бергендеге 30 АЕК мөлшерінде, шамамен 72 150 теңге материалдық сыйақы төлеу қарастырылған», – деп қорытындылады Райымбаев.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау