Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

5 жасар қыздың тұсауын кескен Қарақат Әбілдина жұртты таңдандырды (видео)

Перзентінің тұсауын Қарақат Әбілдинаға кестіргісі келетіндер көп. Себебі көпшілік әсіресе, қыз балаларының әншіге ұқсағанын қалайды. Қарақат сияқты өмірден өз орнын тапса, көп балалы ана атанса деп ырымдайды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

5 жасар қыздың тұсауын кескен Қарақат Әбілдина жұртты таңдандырды

Халық тарапынан сұраныс көп болғандықтан, Қарақат арнайы тұсау кесу кештерін ұйымдастыратын орталық ашты. Әнші бұл қадамын ақша табудың амалы емес, қазақтың салт-дәстүрін жаңғырту жолы деп түсіндіреді.

Бір қызығы, Қарақатқа ұл-қызының тұсауын кестіретін ата-аналар перзенттерінің жасын елеп-ескеруді қойған. Мәселен, алматылық тұрғындар қыздары 5 жасқа келгенде тұсауын Қарақатқа кестірді.

Бұл туралы Әбілдина желідегі парақшасында жазды.

“Бүгінгідей мерекеде сонау Жезқазғаннан ниеттеніп келген бұл ботақанға жоқ дей алмадым енді. Тәй-тәй басқан қадамың құтты болсын Айкүміс ботам. Ал келесі құлыншақтың тұсауы 5-жасында кесілді. Ата-анасы ырымдап осылай шешкен екен, қайтем енді. Алматыға барған сапарымда кесіп бердім”, – деді ол.

Желі оқырмандары: “Дардай қыздың тұсауын кескен біртүрлі екен”, – деп пікір білдірді.

Бүгінгідей мерекеде ☺️сонау Жезқазғаннан ниеттеніп келген бұл ботақанға жоқ дей алмадым енді. Тәй-тәй басқан қадамың құтты болсын Айкүміс 😊😍🌹 Ал келесі құлыншақтың тұсауы 5-жасында кесілді😀ата-анасы ырымдап осылай шешкен екен,қайтем енді кеше Алматыға барған сапарымда соның-да ретін келтіріп,тілегін орындадым #АйназАйкүміс# #қарақаттұсауынкескенқұлыншақ Бүгін лентам тұсауларын кескен құлыншақтармен толады☺️

Публикация от @ karakat_a

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

STAN.KZ
Жұма, 01 Маусым, 2018 13:15
Талқылау