5 күн байланысқа шықпады: Желіде Әнуар Нұрпейісовтің жоғалғаны туралы хабар тарады
Желіде белгілі актер Әнуар Нұрпейісовтің жоғалғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мен ояндым" деп бейнежазба жүктеп, желіде белсенділердің санын арттыруға тырысқан блогер Әнуар Нұрпейісов жоғалып кетті. Ол елдегі саяси ахуалға қатысты белсенділік танытқан. Өнер иесінің байланысқа шықпағанына 5 күн болған. Туғандары оның жоғалғаны туралы әзірге хабарлаған жоқ. Сонымен қатар, осы уақыт аралығында желідегі парақшаларында да көрінбеген.
"Ол қайда? Кімнің хабары бар? Уайымдап жатырмыз", "Митинг, тұтқындау, жоғалу", "Әнуар Нұрпейісовтің байланысқа шықпағанына бес күн болды", "Әнуардай азаматтың жоғалып кетуі ойға қонбай тұр", - деп жазды желідегілер.
Ескере кететін жайт, өнер иесі Instagram парақшасындағы соңғы жазбасын алты күн бұрын жариялап, хейтерлеріне жазба арнаған болатын.
Қазақ тілін қорлаған бұрынғы Ресей азаматы 15 күнге қамалды
Отырыс барысында айыпталушы өз кінәсін мойындап, оны қатаң жазаламауды сұраған
Оралдағы инфекциялық ауруханада 13 жасар қыз көз жұмды: Ата-анасы дәрігерлерді кінәлап отыр
Қызы қайтыс болғаннан кейін әкесі барлық тиісті органға арыз жазғанын айтады