Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

5 айлық қызы өлім аузында жатқанда анасы сәбиін жарақаттаған еркекпен жақындасқан

Дәрігерлер әйелге сәбиінің өлімі жайлы хабарламақ болған сәтте, әйел сүйіктісімен жақындасып жатқан. Сорақысы сол, ол азамат әйелдің 5 айлық қызына ауыр жарақат келтірген.

Бұл туралы Mirror басылымына сілтеп Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Кэтрин Дэвидсон мен оның сүйіктісі Гордон Маккей полицейлер кіріп келген сәтте үзіліс жасауға мәжбүр болған.

Бұрынғы сарбаз Гордон сәбиді жұлқылай бастағанда 5 айлық қыздың миынан қан кеткен. Алайда соған қарамастан безбүйрек ана ауруханада жатқан қызының емес, кездесіп жүрген жігітінің тағдырына көбірек алаңдаған.

38 жастағы Гордон кішкентай қызды өлтіргенін мойындады. Рентген нәтижесі қыздың бірнеше жері сынғанын анықтаған. Әйел қызы көз жұмған сәтте оны кішкене уақыт қолында ұстап тұрған. Содан кейін сүйіктісіне қолдау көрсетуі керектігін мәлімдеген.

Кэтрин балаларының әкесімен айырылысқан соң, Гордонмен кездесе бастаған. Оқыс оқиға орын алған күні жұп марихуана шеккен. Бұдан кейін анасы үлкен балаларын әжесіне аттандыруға дайындап, кіші қызын жігітіне қалдырған. Ер адамның айтуынша, ол бірнеше минутқа сыртқа шығып ал келген кезде ойыншыққа оралып дем ала алмай жатқан қызды көрген. Ол қыздың есін жиғызу үшін оны жұлқылағанын айтады.

Тағы оқыңыз: 

Бойжеткен анасының жүрегі ұстап қалған соң, 140 келіден арықтаған

Әйел 4 жыл бойы күйеуі мен қызын жасырын суретке түсіріп, жұлдызға айналды

Сал ауруына шалдыққан жігіт махаббаттың арқасында толыққанды өмір сүруді үйренді

Дін қызметкері өзі зорламақ болған кезде жыныс мүшесін кесіп алған қызды кешірді

Талқылау